"АТФБанкі" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2C0Y02D601 (KZ2C00000685, ATFBb7) облигацияларын өтеуі туралы хабарлады
08.11.11 16:58
/KASE, 08.11.11/ – "АТФБанкі" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 04 қарашасында
өзінің KZ2C0Y02D601 облигацияларын (Z2C00000685, ATFBb7; 1 000
теңге, 15,0 млрд теңге; 04.11.09 – 04.11.11, инфляция деңгейімен
индекстелген жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық
10,10 %; 30/360) 2011 жылдың 11 қазанында мерзімнен бұрын толық өтеуі
шегінде, аталмыш облигациялардың соңғы – төртінші – купондық сыйақысы
төленді деп хабарлап, Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хат
жолдады.
Айтылмыш хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төленген
жалпы соманың көлемі 15 757 500 000,00 теңгені, соның ішінде негізгі
берешек (облигацияның сомалық атаулы құны) 15 000 000 000,00 теңгені, ал
сегізінші купондық сыйақысының сомасы– 757 500 000,00 теңгені құрады.
KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына
сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы
қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың
растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар
эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған
хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы
ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың
растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа
шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.
[2011-11-08]