/KASE, 24.11.11/ – Облигациялары Қазқстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), биржаға
2011 жылдың 24 қарашасындағы баспасөз-хабарламасын ұсынып, былай
деп хабарлады:
цитата басы
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы Rompetrol Moldova (The Rompetrol Group
кіреді) қараша айының соңына дейін алты жаңа автожағармай құю стансаларын
ашатынын хабарлайды. Осылайша, Молдова Республикасында Rompetrol АЖС
желісі 43 бірлікке жетеді.
- Жаңа жағармай стансалары 2010 жылы басталған Молдова Республиксында
Rompetrol отын жағармай желісін дамыту стратегиясының құрамдас бөлігі
болып табылады. Желіні кеңейту, қызметтер гаммасын әртараптандыру,
сондай-ақ «Efix» және «Alto» желісіндегі сапалы отын Rompetrol тұрақты
клиентурасының салмақты портфелін тарту және құруға ықпал еткен қомақты
аргумент болып табылады – деп, атап өтті The Rompetrol Group жеке сауда
бойынша вице-президент Титов Бузеску.
Жаңа АЖС Кишинёв қаласында, сондай-ақ Купчинь қаласында (ел солтүстігінде,
Кишиневтен 198 км. қашықтықта) және Шолдэнешть қаласында (солтүстік-шығыста, Кишиневтен 110 км қашықтықта) орналасқан. Капитал салу стансаларды басқаруды қабылдауға, жабдықтарды жаңартуға, қауіпсіздік нормалары мен қоршаған ортаны
қорғау талаптарына сәйкес келтіру, сондай-ақ оларды Rompetrol халықаралық
желісіне біріктіруге бағытталған.
цитата соңы
Осы баспасөз-хабарламасының қазақ және орыс тілдеріндегі толық
нұсқасын KASE веб-сайтынан
http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_241111_2.pdf
мекенжайы бойынша көруге болады.
[2011-11-24]