KZ
9 мамыр 2025, 14:55
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.11.2011 14:46 #Эмитенттердің жаңалықтары

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) "Павлодар мұнай-химия заводын жаңғырту" жөніндегі техникалық-экономикалық негіздемеге оң қорытынды алғаны туралы хабарлады

/KASE, 04.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2011 жылыдң 04 қарашасындағы баспасөз хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады:

цитата басы

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ "Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау" жөніндегі Республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылып отырған "Павлодар мұнай-химия заводын жаңғырту" жөніндегі техникалық-экономикалық негіздемеге оң қорытынды алғаны туралы хабарлайды

Техникалық-экономикалық негіздеме ҚМГ және ЭНИ компаниялары арасында 2009 жылдың 5 қарашасында қол қойылған "Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік инфрақұрылым нысандарына инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы келісім" аясында жасалған. Жобаны бас директор Н.Ө. Балғымбаевтың басшылығымен "ҚМГ-нің салынатын кәсіпорындар дирекциясы" басқарады.

Жаңғырту жобасында шикі мұнай бойынша өңдеу тереңдігін 90% қамтамасыз ете отырып, завод қуатын жылына 7,5 млн. тонна мұнайға дейін жеткізу, сонымен қатар мұнай өнімдерін шығаруды арттыра отырып, оның сапасының "Евро-5" стандартына сай болуын қамтамасыз ету көзделген. Сонымен бірге 5 жаңа қондырғы салу жоспарланып отыр. Бүгінде жұмыс істеп тұрған 2 қондырғы қайта бейінделіп, 8 қондырғы қайтадан жаңартылатын болады, сондай-ақ жалпы завод шаруашылығына қажетті нысандар салу жоспарланған.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ Қоғаммен байланыс қызметі Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 19 тел. +7 (7172) 976340, факс: +7 (7172) 976329 www.kmg.kz

цитата соңы

[2011-11-04]