/KASE, 10.11.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2011 жылдың 10 қарашасынан бастап "СНПС –
Ақтөбемұнайгаз" АҚ (Ақтөбе) KZ1P15990115 (AMGZp) артықшылықты
акциялары "Бейлистингілік бағалы қағаздар" секторында KASE-де айналысқа
жіберілді.
Аталған акциялардың баға белгілеудің дәлдігі қазақтандық теңгедегі
акциялар санының үтірден кейінгі екінші таңбасына дейін белгіленді.
"Бейлистингілік бағалы қағаздар" секторындағы сауда-саттықтар KASE-де
жұмыс күндері Алматы уақытымен 11:30-дан 17:00-ге дейін жұмыс күндері
өтеді, сауда-саттық күндері бойынша есептесулер мәмілелер жасалған күні
(Т+0) жүзеге асырылады. "Бейлистингілік бағалы қағаздар" секторында
айналысқа жіберілген, бағалы қағаздар үшін маркет-мейкердің болу талабы
қарастырылмаған.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
және бақылау агенттігі 2010 жылдың 20 сәуірінде тіркеген, "СНПС –
Ақтөбемұнайгаз" АҚ акциялары шығарылымындағы өзгерістерге сәйкес,
"СНПС – Ақтөбемұнайгаз" АҚ жарияланған акцияларының шығарылымы
8 946 470 KZ1C15990019 жай акцияға және 943 955 KZ1P15990115
артықшылықты акцияға бөлінді. Шығарылым Эмиссиялық бағалы қағаздар
мемлекеттік тізіліміне А1599 нөмірімен енгізілді. 2010 жылдың 20 сәуіріндегі
жағдай бойынша "СНПС – Ақтөбемұнайгаз" АҚ барлық жарияланған
акциялары орналастырылған.
Акциялар және олардың эмитенті туралы нақты ақпарат KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/ru/emitters/show/amgz мекен-жайы бойынша жарияланды.
[2011-11-10]