KZ
9 мамыр 2025, 15:02
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28.11.2011 15:09 #Эмитенттердің жаңалықтары

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) Рұмыниядағы екі барлау ұңғымаларын The Rompetrol Group бұрғылауын бастаған туралы хабарлады

/KASE, 28.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) биржаға 2011 жылдың 28 қарашасындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады:

цитата басы

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ The Rompetrol Group (100% еншілес компаниясы) Сату Маре блогында (Румыниядағы Мэдэраш және Мофтину елді мекендері) екі барлау ұңғымаларын бұрғылауды бастады деп хабарлайды. Инвестициялардың бағасы 5 млн. АҚШ долларынан аса бағаланады.

– Осы екі ұңғыма, The Rompetrol Group Румыниядағы бес блоктарда іске қосылғандардың біріншісі болып табылады. Осы кезге дейін ком пания 1,2 млн.АҚШ долларынан аса қаражатты, мемлекеттің солтүстік-шығысында орналасқан периметрдің техникалық талдауына (геологиялық іздеулерге, сесмикалық мәліметтер жинауға) бөлді, осының нәтижесінде мұнай және газ топталуын дәлелдейтін, бірқатар құрылымдар табылды. Іздеу жұмыстарының аяқталуы, сондай-ақ алынған мәліметтерді өңдеу 2012 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған, сондай-ақ геологиялық есеп берулер осы болжамдарды растайды деп сенеміз, - деді Rompetrol S.A. бас директоры Георге Джеорджеску.

Бұрғылауды Upstream The Rompetrol Group құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады, оған барлау – шығару және бұрғылау – ұңғымаларға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын Rompetrol S.A.компаниясы және ұңғымаларға қызмет көрсету бойынша мамандандырылған (цементтеу, бекіту және құрастыру бойынша қызметтер, тестілеу, бақылау-өлшеу қызметтері, ұңғыманы жағалата нығайту және т.б.) Rompetrol Well Services компаниясы кіреді.

цитата соңы

Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен, қазақ және орыс телдерінде KASE веб-сайтында толығырақ мекен-жайы бойынша танысуға болады.

[2011-11-28]