KZ
16 шілде 2025, 03:27
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
16.11.2011 11:25 #KASE жаңалықтары

2011 жылдың 16 қарашасынан бастап биржада ББҚ автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралдарымен сауда-саттықтар ашылады

/KASE, 16.11.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2011 жылдың 16 қарашасынан бастап KASE мүшесінің өтініші негізінде биржада автоматты репо нарығында мерзімі 7, 14 және 28 күндік жаңа қаржы құралдарының сауда-саттығы ашылады, репо операциясының заты ретінде "АТФБанкі" АҚ (Алматы) (KZ000A0TZZF1, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ATFBb6; 100 теңге, 13,0 млрд теңге; 26.02.07 – 26.02.14, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,80 %; 30/360) KZPC2Y07B596 облигациялары қолданылады.

Репо операцияларына тиісінше R_ATFBb6_007, R_ATFBb6_014 және R_ATFBb6_028 кодтары берілді.

[2011-11-16]