2011 жылдың 29 желтоқсанында "Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізіледі

25.11.11 11:04
/KASE, 25.11.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) 2011 жылдың 29 желтоқсанында сағат 15:00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлады, жиналыстың күн тәртібінде: - компанияның корпоративтік басқару кодексіне өзгертулер енгізу туралы; - жаңа редакциядағы компания жарғысын бекіту туралы; - компания акцонерлерінің жалпы жиналысы туралы қағидаға өзгертулер енгізу туралы; - компанияның Директорлар кеңесі туралы қағиданы бекіту туралы; - компанияның Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне сыйақы төлеу саясатын бекіту туралы. Аталмыш жиналыс: Астана қ., Абай д-лы, 31, мәжіліс залы – мекен-жайы бойынша өткізіледі. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүргізіледі. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2011 жылдың 29 қарашасындағы жағдайы бойынша құрастырылады. Кворум болмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы сол уақытта, жоғарыда аталған мекен-жай бойынша 2012 жылдың 13 қаңтарында өткізіледі. Акционерлер күн тәртібіндегі сұрақтарды материалдарымен, жиналыс өтетін күннен кемінде он күн бұрын: Астана қ., Абай д-лы, 31, тел.: (717) 258 77 13; Алматы қ., Фурманов көш., 240б, тел.: (727) 258 74 67 мекен-жайлары бойынша таныса алады. [2011-11-25]