2011 жылдың 29 желтоқсанында "Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізіледі
25.11.11 11:04
/KASE, 25.11.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания)
2011 жылдың 29 желтоқсанында сағат 15:00-де компания акционерлерінің
кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлады, жиналыстың
күн тәртібінде:
- компанияның корпоративтік басқару кодексіне өзгертулер енгізу туралы;
- жаңа редакциядағы компания жарғысын бекіту туралы;
- компания акцонерлерінің жалпы жиналысы туралы қағидаға өзгертулер
енгізу туралы;
- компанияның Директорлар кеңесі туралы қағиданы бекіту туралы;
- компанияның Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне сыйақы төлеу
саясатын бекіту туралы.
Аталмыш жиналыс: Астана қ., Абай д-лы, 31, мәжіліс залы – мекен-жайы
бойынша өткізіледі. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат
13:00-ден 14:30-ға дейін жүргізіледі.
Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2011 жылдың
29 қарашасындағы жағдайы бойынша құрастырылады.
Кворум болмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы
сол уақытта, жоғарыда аталған мекен-жай бойынша 2012 жылдың
13 қаңтарында өткізіледі.
Акционерлер күн тәртібіндегі сұрақтарды материалдарымен, жиналыс өтетін
күннен кемінде он күн бұрын: Астана қ., Абай д-лы, 31, тел.: (717) 258 77 13;
Алматы қ., Фурманов көш., 240б, тел.: (727) 258 74 67 мекен-жайлары
бойынша таныса алады.
[2011-11-25]