/KASE, 08.11.11/ – "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы, бұдан әрі -
Қоғам) инфрақұрылымдық KZ2CKY23B672 облигациялары
(KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық
бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0
млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28; инфляция деңгейімен индекстелінген
жылдық купон, есептік купондық кезеңге жылдық 7,45 % жартыжылдық
купон, 30/360) иелерінің өкілі болып табылатын, "АТФБанк" АҚ (Алматы,
бұдан әрі - Банк) Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хат жолдап, былай
деп хабарлады.
Банк ұстаушыларға 2011 жылдың 26 қазанында 2 130 (екі мың бір жүз отыз)
теңге 70 тиын көлемінде алтыншы купондық сыйақының қалған бөлігі,
облигация иесі мен Қоғам арасында жасалған сату-сатып алу келісім-
шартының аясында, аталған облигация иесінің шотына 33 (отыз үш) теңге 29
тиын көлемінде алтыншы купондық кезеңге мерізімі өтіп кеткен қарыздың
өсімпұлы төленгені туралы хабарлайды.
Облигация иесінің шотына төлемді Қоғам ердігінен жүзеге асырды.
Аталмыш облигациялардың аңдатпасына сәйкес "Досжан темір жолы
(ДТЖ)" АҚ 2011 жылдың 02 және 15 тамызы аралығында алтыншы
купондық мөлшерлемені төлеуі тиіс екенін еске саламыз.
Бұдан бұрын осы тақырып бойынша KASE жаңалықтары жарияланды:
- 2011 жылдың 02 қарашасында "" Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ
KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары бойынша 6-шы
купонды төлеуге қатысты қарызды жартылай өтегені туралы хабарлады"
–
http://www.kase.kz/news/show/1151023
- 2011 жылдың 05 қазанында "АТФ Досжан темір жолы
(ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1)
облигациялары бойынша 6-ші купонын жартылай төлеуі туралы
хабарлады" –
http://www.kase.kz/news/show/1148337
- 2011 жылдың 21 қыркүйегінде ""АТФ Банкі" АҚ "Досжан темір жолы
(ДТЖ)" АҚ KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары
иелерінің мүддесін қорғау бойынша қолданған шаралары туралы
хабарлады" –
http://www.kase.kz/news/show/1147196
- 2011 жылдың 16 тамызында ""АТФ Досжан темір жолы
(ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1)
облигациялары бойынша 6-ші купонын жартылай төлеуі туралы
хабарлады" –
http://www.kase.kz/news/show/1144337
- 2011 жылдың 15 тамызында ""Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан)
ө
зінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары бойынша
6-ші купонын жартылай төлеуі туралы хабарлады" –
http://www.kase.kz/news/show/1144177
Өз облигациялары бойынша дефолтқа жол берген, листингілік
компаниялардың тізімі KASE веб-сайтындағы "Эмитенттер" бөлімінде
("дефолт" салымы)
http://www.kase.kz/ru/emitters мекен-жайы бойынша қол
жетімді.
KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына
сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы
қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың
растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар
эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған
хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы
ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың
растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа
шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.
[2011-11-08]