/ҚАЙТАЛАУ/ KASE 2011 ЖЫЛДЫҢ ЖЕЛТОҚСАНЫ – 2012 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАРЫ АРАЛЫҒЫНА ӨТІМДІ ЖӘНЕ ӨТІМСІЗ АКЦИЯЛАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

28.11.11 10:16
/KASE, 23.11.11/ – Бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) өзінің "Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" құжатына сәйкес, 2011 жылдың желтоқсаны – 2012 жылдың қаңтары аралығына биржада айналысқа жіберілген акциялардың арасынан өтімді және өтімсіз акциялардың тізімін қалыптастырды. Осы тізімдер Тәуекел комитетінің 2011 жылдың 23 қарашасындағы шешімімен бекітілді және аталмыш тізімдерге кірген акцияларға "Сауда-саттық және Растау жүйесінің жұмыс регламенті" және "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" атты KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану үшін қалыптастырылды. Төменде 2011 жылдың 01 желтоқсанын бастап 2012 жылдың 31 қаңтарына дейін қолданыста болатын өтімді акциялардың тізімі берілген (бағалы қағаздардың атаулары олардың өтімділік көрсеткішінің кемуі тәртібімен берілген): 1) "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ KZ1P51460114 (KZ000A0RMTC3, KASE ресми тізімі, үшінші санат, RDGZp) артықшылықты акциялары; 2) "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ KZ1C33870011 (KZ000A0LE0S4, KASE ресми тізімі, бірінші санат, HSBK) жай акциялары; 3) "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ KZ1C51460018 (KZ000A0KEZQ2, KASE ресми тізімі, бірінші санат, RDGZ) жай акциялары; 4) KAZAKHMYS PLС GB00B0HZPV38 (KASE ресми тізімі, бірінші санат, GB_KZMS) жай акциялары; 5) "Казкоммерцбанк" АҚ KZ1C00400016 (KZ000A0JC858, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KKGB) жай акциялары; 6) "Қазақтелеком" АҚ KZ1P12280114 (KZ0009094645, KASE ресми, бірінші санат, KZTKp) артықшылықты акциялары; 7) "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ1C36280010 (KZ0007786572, KASE ресми тізімі, екінші санат, CCBN) жай акциялары; 8) "Қазақтелеком" АҚ KZ1C12280018 (KZ0009093241, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTK) жай акциялары; 9) EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC GB00B29BCK10 (KASE ресми тізімі, бірінші санат, GB_ENRC) жай акциялары; 10) "БТА Банк" АҚ KZ1C34920013 ("Листингілік емес қағаздар" секторы, BTAS) жай акциялары; 11) "Mineral Resources of Central Asia" АҚ KZ1P43150112 (KZ1P00000467, KASE ресми тізімі, екінші санат, ZERDp) артықшылықты акциялары; 12) "SAT & Company" АҚ KZ1C54620014 (KZ1C00000553, KASE ресми тізімі, бірінші санат, SATC) жай акциялары; 13) "Баян Сұлу" АҚ KZ1C24120012 (KZ1C00000165, KASE ресми тізімі, екінші санат, BSUL) жай акциялары. 2011 жылдың қазан-қараша айларына жасалған өтімді акциялардың қолданыстағы тізімімен салыстырғанда өтімді бағалы қағаздардың тізімі өзгерген жоқ. Биржада өтімді акциялар бойынша сауда-саттық жұмыс күндері алматы уақытымен 11:30 бастап 17:00 дейін үздіксіз қарсы аукцион әдісімен өтетінін және болжамды мәміленің құны осы акциялармен болған соңғы мәміленің құнынан 5% дейін ерекше болса, акцияларды сатып алу немесе сату өтінімдерінің бағалары сәйкес келетін болса, күту режиміне ауысатынын еске саламыз. Өтімді акциялардың маркет-мейкерлері үшін бағалы қағаздар бойынша ең үздік міндетті баға белгілеулер арасындағы спрэдтердің максималды мәндері 10% шамасында белгіленген. 2011 жылдың қазан-қараша айларындағы өтімді және өтімсіз акциялардың тізімі KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/likvid_2011_4_kaz.pdf мекенжайы бойынша жарияланған. 2011 жылдың желтоқсанындағы – 2012 жылдың қаңтарындағы өтімді және өтімсіз акциялардың тізімдері жақында KASE веб-сайтында жарияланады. Осы тақырып бойынша басылымдар: - Сауда-саттық және Растау жүйесі жұмысының регламенті – http://www.kase.kz/files/normative_base/reglament_trade_kaz.pdf - Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері – http://www.kase.kz/files/normative_base/m_maker_kaz.pdf - Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткіштерін анықтау әдістемесі – http://www.kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid_kaz.pdf [2011-11-28]