"ЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ӨЗІНІҢ XS0243010443 (CCBNe2) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ӨТЕУІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

04.02.11 17:13
/KASE, 04.02.11/ – "ЦентКредит Банкі" АҚ (Алматы) өзінің XS0243010443 халықаралық облигацияларын (CCBNe2; $300,0 млн; 02.02.06 – 02.02.11, жылдық 8,00 % жартыжылдық купон; 30/360) өтеуі шеңберінде соңғы – оныншы – купондық сыйақы төленді деп хабарлап, Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хат жолдады. Айтылмыш хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төленген жалпы соманың көлемі 250 671 200,00 АҚШ долларын, соның ішінде негізгі берешек (облигацияның сомалық атаулы құны) 241 030 000 ,00 АҚШ долларын, ал оныншы купондық сыйақының сомасы – 9 641 200,00 АҚШ долларын құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.