/KASE, 01.02.11/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Тәуекел комитетінің 2011
жылдың 01 ақпанындағы шешімімен KASE индексінің өкілетті тізіміне
енетін, акциялардың жаңа параметрлерін, - еркін айналыстағы
акциялардың үлесі мен шектелімді коэффициенттерді анықтады.
Төменде 01 ақпанға дейін қолданыста болатын және KASE индексінің мәніне
ықпал ететін, акциялардың жаңа параметрлері келтірілген кесте берілген.
-----------------------------------------------------------------------------
2011 жылдың 01 ақпанына бастап 2011 жылдың 01 ақпанына дейін
енгізіледі қолданыста болған
------------- ------- ------------ ------------- ------- ------------
Орналастыр Free Шектелімді Орналастыр Free Шектелімді
Акция ылған float коэф- ылған float коэф-
коды акциялар (Fi), % фициент (Ri) акциялар (Fi), % фициент (Ri)
саны саны
------- ------------- ------- ------------ ------------- ------- ------------
CCBN 162 456 800 27,2 1,00000000 162 456 800 27,2 1.00000000
GB_ENRC 1 287 750 000 18,6 0,05801490 1 287 750 000 18,6 0.05976530
GB_KZMS 535 240 338 43,1 0,04120790 535 240 338 44,6 0.04126110
HSBK 1 304 171 681 20,6 0,31764490 1 304 185 801 20,6 0.34357190
KKGB 778 625 062 7,4 1,00000000 778 625 062 7,4 1.00000000
KZTK 10 881 924 22,2 0,70480920 10 870 045 22,1 0.79501320
RDGZ 70 110 303 38,5 0,06357400 70 110 303 38,5 0.07219010
-----------------------------------------------------------------------------
Бұған қоса, Тіуекел комитетінің аталмыш шешімімен 2011 жылдың 01 ақпанынан
бастап KASE Индексін есептеу барысында түзету коэффициентінің жаңа мәні
(K) – 2,7486858 қолданылады. Аталған күнге дейін К 2,5907143 тең болды.
КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ
KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті
есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін,
олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free
float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы
акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы
индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулылар акцияларымен мәміле
жасау шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі.
Параметрлері KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық
күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі
сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады.
Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі"
атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жай
бойынша жарияланған.
Индекс беті
http://www.kase.kz/kz/index_kase мекен-жай бойынша
жарияланған.
Акция коды: KASE-де сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын
(алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер
бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының
реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетеді.
Эмитенттер кодтары: CCBN – "ЦентрКредит Банкі" АҚ; GB_KZMS –
KAZAKHMYS PLC; GB_ENRC – EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC;
HSBK – "Қазақстанның Ұлттық жинақ банкі; KKGB – "Казкоммерцбанк" АҚ;
KZTK – "Қазақтелеком" АҚ; RDGZ – "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ.
Орналастырылған акциялар саны – листингілік компаниялар
акционерлерінің тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері
немесе компанияның ақпараты негізінде KASE қайта сатып алынғандарды
есептемегенде, листингілік компанияның орналастырған акциялар саны
ретінде дербес анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу
кезінде орналастырылған акциялардың KASE-дегі құжаттармен расталған
санының мәнін ескереді.
Free float (Fi), % – эмитенттің жай акцияларының жалпы санынан бес және
одан көп көлеміндегі санына иеленген мемлекетке, эмитент менеджментіне
және акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен
стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын
институционалды инвесторлар, номиналды ұстаушылар және т.б.)
акционерлерді қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын,
параметр.
Шектелімді коэффициент (Ri) – әрбір акциялынң индекс мәніне ықпалын
он бес пайызға дейін шектейтін, параметр.