ҚҚА "Банк ЦентрКредит" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) БІРІНШІ ЖӘНЕ ЕКІНШІ ОБЛИГАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАРЫНЫҢ, KZ2CKY07B287 (CCBNB4), KZ2CKY10B455 (CCBNB6) ЖӘНЕ KZ2CKY10B604 (CCBNB7) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРЫЛЫМ АҢДАТПАЛАРЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРТУЛЕРІН ТІРКЕДІ

09.02.11 16:26
/KASE, 09.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Банк ЦентрКредит" АҚ (Астана) биржаға өзінің бірінші және екінші облигациялық баңдарламаларының, және өзінің мынадай облигацияларының шығарылым аңдатпаларына енгізілген өзгертулер көшірмесін ұсынды: - KZ2CKY07B287 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы; CCBNb4; 1 теңге, 2,0 млрд теңге; 24.09.04 – 24.09.11, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге 9,30 %; 30/360); - KZ2CKY10B455 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, CCBNb6; 1 000 тенге, 1,3 млрд тенге, 29.12.04 – 29.12.14; инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге 8,20 %; 30/360); - KZ2CKY10B604 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы; CCBNb7; 1 000 тенге, 2,0 млрд тенге; 31.05.05 – 31.05.15, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге 7,70 %; 30/360). Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігімен (АҚҚ) 2011 жылдың 04 ақпанында тіркеліп, "Банк ЦентрКредит" АҚ Басқармасының құрамы өзгеруіне байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/emitters/show/ccbn мекен-жайы бойынша жарияланған