"БТА БАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ШИКІЗАТТЫҚ ЕМЕС ӨНІМДЕРДІ ЭКСПОРТТАУШЫ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСПОРЫНДАРДЫ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ХАБАРЛАДЫ

18.02.11 16:16
/KASE, 18.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "БТА Банк" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 17 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын Бирнжаға ұсынып, былай деп мәлімдеді: цитата басы БТА Банкі «ҚазЭкспортГарант» «Экспорттық кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ-мен (бұдан кейін - «ҚазЭкспортГарант») бірлесе қазақстандық шикізаттық емес өнім кәсіпорын-экспорттаушыларын қолдау Бағдарламасы аясында (бұдан кейін – Бағдарлама) аралық жұмыс қорытындысын хабарлады. Бағдарламаның 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап жүзеге асырылғаннан бері БТА Банкі қазақстандық шикізаттық емес өнім кәсіпорын-экспорттаушылары мен олардың шетелдік серіктестерімен жасасқан жалпы 2,5 млн. АҚШ доллар сомасындағы 4 экспорттық мәмілені қолдады. БТА Банкі Тәжікістан және Белорусья банктерінің қазақстандық өндірушілерден – Банк клиенттерінен ұн мен металлөнімдерін сатып алушылардың міндеттерін қамтамасыз ету үшін шығарған аккредитивтерін растап, қаржыландырды. Қаржыландыру эмитент-банктерге, яғни БТА-ның клиенттері үшін де және олардың өнімдерін сатып алушылары үшін де өте тартымды шарттардың негізінде ұсынылды. цитата соңы Аталмыш баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында мына мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/BTAS/btas_reliz_170211.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/BTAS/btas_reliz_170211._eng.pdf – ағылшын тілінде.