"ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) 2010 ЖЫЛҒА ӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ХАБАРЛАДЫ

17.02.11 17:52
/KASE, 17.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) 2011 жылдың 17 ақпанында баспасөз-хабарламасын ұсынып, былай деп мәлімдеді. 17-18 ақпанда "Қазақтелеком" АҚ-да филиалдар, еншілес ұйымдар және шетелдік филиалдар жетекшілерінің қатысуымен 2010 жылғы қызметтің қорытындылары бойынша дәстүрлі жыл сайынғы мәжіліс өтуде. "Қазақтелеком" АҚ инфрқұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және жаңа технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмысының нәтижесінде 2010 жылдың қорытындылары бойынша телефондық тығыздылық республиканың 100 тұрғынына 23,16 нөмірді, соның ішінде қалаларда 30,72, елді- мекендерде 14,08 нөмірді құрады. 01.01.2011 ж. жағдай бойынша "Қазақтелеком" АҚ телекоммуникациялардың жергілікті желісі 5 144 коммутациялық пунктінде (бұдан ары - КП) ұсынылған, соның ішінде 3 002 АТС, мультисервистік абоненттік қол жеткізілімнің 1 584 блогы (МАД, IP-МАД), сымсыз қол жеткізілімнің 540-тан астам базалық станциясы, соның ішінде ауылдық телефондық желінің (бұдан ары - АТЖ) 2907 КП. 2010 жылы коммутация пунктерінің жалпы өсімі 159 бірлікті құрады. Қазіргі уақытта сандық коммутациялық пунктердің саны 4 430 құрады, соның ішінде ҚТЖ желісінде 2 195, АТЖ желісінде 2 235 қолданылады. Желінің жалпы орнатылған сыйымдылығы 4,18 млн нөмірді құрады, соның ішінде қалалық телефондық желі (бұдан ары - ҚТЖ) – 3,05 млн нөмірді, АТЖ 1,13 млн нөмірді құрады. Сандық КП орнатылған сыйымдылығы 3,9 млн нөмірді, АТЖ 1,04 мың нөмірді құрады. Жыл қорытындысы бойынша орнатылған нөмірлік сыйымдылық бойынша цифровизация деңгейі 92,8 % құрады. ҚТЖ аталмыш көрсеткіш 92,96 %, АТЖ 92,5 % құрады. 2011 жылдың 1 қаңтарына тиянақталған желі саны 3 802 916 бірлікті, соның ішінде ҚТЖ 2 753416 бірлікті, АТЖ 1 049500 бірлікті құрады. Интернетке рұқсаттама қондырғысының орнатылған сыйымдылығы 938 мың портты құрады, оның 776 мыңнан астамы іске қосылған. Халықарарлық каналдар ұзындығы 601 059,9 мың кан./км құрады, оның ішінде таратудың сандық жүйелерімен жасалған каналдар ұзындығы 571 962,36 мың кан./км (телефондық каналдардың жалпы ұзындығынан 95%), соның ішінде оптикалық кабельді қолданумен 550 735,47 мың кан./км құрады (телефондық каналдардың жалпы ұзындығынан 92%).