KZ
9 шілде 2025, 13:09
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.02.2011 16:58 #Эмитенттердің жаңалықтары

"ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) 2010 ЖЫЛҒА ӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІН ХАБАРЛАДЫ

/KASE, 17.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) 2011 жылдың 17 ақпанында баспасөз-хабарламасын ұсынып, былай деп мәлімдеді.

17-18 ақпанда "Қазақтелеком" АҚ-да филиалдар, еншілес ұйымдар және шетелдік филиалдар жетекшілерінің қатысуымен 2010 жылғы қызметтің қорытындылары бойынша дәстүрлі жыл сайынғы мәжіліс өтуде.

Алдын ала болжам бойынша, "Қазақтелеком" АҚ-ның қызмет көрсетуден түсен кірісі 153 222 млн. тг. құрады, 2009 жылға өсім 6,4% құрады, таза табыс 34 314 млн.тг құрады, жоспар 126%-ға орындалды. Аудиттелмеген қаржылық есеп берушілікке сәйкес, компания активтері 373 219 млн. теңгеге, жеке капитал 238 636 теңгеге бағаланды.

2011 жылға қойылған міндеттер туралы айта келе, "Қазақтелеком" АҚ Төрағасы Қуанышбек Есекеев: "Қоғамның 2010-2020 жылдарға арналған ұзақмерзімді стратегиясын жүзеге асырылуы нәтижесіндегі негізгі мақсатымыз – таза табысқа тікелей байланысты, акционерлік жиынтық құнды арттыру".