"ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) 2010 ЖЫЛҒА ӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІН ХАБАРЛАДЫ
17.02.11 16:58
/KASE, 17.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) 2011 жылдың 17
ақпанында баспасөз-хабарламасын ұсынып, былай деп мәлімдеді.
17-18 ақпанда "Қазақтелеком" АҚ-да филиалдар, еншілес ұйымдар және
шетелдік филиалдар жетекшілерінің қатысуымен 2010 жылғы қызметтің
қорытындылары бойынша дәстүрлі жыл сайынғы мәжіліс өтуде.
Алдын ала болжам бойынша, "Қазақтелеком" АҚ-ның қызмет көрсетуден түсен
кірісі 153 222 млн. тг. құрады, 2009 жылға өсім 6,4% құрады, таза табыс
34 314 млн.тг құрады, жоспар 126%-ға орындалды. Аудиттелмеген қаржылық
есеп берушілікке сәйкес, компания активтері 373 219 млн. теңгеге, жеке
капитал 238 636 теңгеге бағаланды.
2011 жылға қойылған міндеттер туралы айта келе, "Қазақтелеком" АҚ
Төрағасы Қуанышбек Есекеев: "Қоғамның 2010-2020 жылдарға арналған
ұзақмерзімді стратегиясын жүзеге асырылуы нәтижесіндегі негізгі
мақсатымыз – таза табысқа тікелей байланысты, акционерлік жиынтық
құнды арттыру".