ҚҚА "ЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZPС5Y05В650 (CCBNB12) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ӨТЕУІ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУДІ БЕКІТТІ

08.02.11 15:30
/KASE, 08.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ЦентрКредит Банкі" АҚ (Алматы), Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің (ҚҚА) 2011 жылдың 28 қаңтарындағы ескертпе хатының көшірмесін биржаға ұсынды. Айтылмыш құжатқа сәйкес ҚҚА "ЦентрКредит Банкі" АҚ KZPС5Y05В650 облигацияларын (CCBNb12; 100 теңге, 5,0 млрд теңге, 27.12.05 – 27.12.10; жартыжылдық купон жылдық 9,00 %; 30/360) өтеуі нәтижелері туралы есеп беруді бекітті. ҚҚА хабарламасына сәйкес 2010 жылдың 27 желтоқсанындағы жағдайға аталмыш облигациялар толық өтелді. Аталмыш облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/CCBN/ccbn_redemb16_090610.pdf мекен-жайы бойынша жарияланды