KZ
1 шілде 2025, 02:20
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
16.02.2011 12:50 #KASE жаңалықтары

KASE 2011 ЖЫЛДЫҢ 16 АҚПАНЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІНІҢ МӘНІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН, АКЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТТІ

/KASE, 16.02.11/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Тәуекел комитетінің 2011 жылдың 16 ақпанындағы шешімімен KASE индексінің өкілетті тізіміне енетін, акциялардың параметрлері өзгертілді.

Өзгертулер "Қазкоммерцбанк" АҚ-ның (бұдан ары – банк) 2011 акционерлері тізілімі жүйесінің жылдың 07 ақпанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін KASE-ге ұсынуымен байланысты. Аталмыш үзінді көшірмеге сәйкес, еркін айналыстағы банктің жай акциялардың саны (ҰСН – KZ1C00400016, сауда коды – KKGB) 57 354 465-тен 56 354 465 данаға дейін өзгерді. Аталмыш акциялар санының өзгеруі банк акционерлері, банктің орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 23,72 % үлесі бар "Орта-Азиялық инвестициялық компания" АҚ (ОАИК) және банктің орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 0,11 % үлесі бар, жалғыз акционері ОАИК болып табылатын, "Ақ Жалын" АҚ, - "Ақ Жалын" АҚ-н ОАИК-ке қосу арқылы қайта құрылымдауды жүзеге асыруына байланысты болды. Нәтижесінде еркін айналыстағы банк акцияларының үлесі 7,37 %-дан 7,25 %-ға дейін төмендеді.

Аталмыш өзгерістер KASE индексінің өкілетті тізіміне енгізілген, барлық атаулыдағы акциялардың бағалау параметрлерінің KASE индексінің мәніне ықпал ету үлесін шектейтін коэффициенттерді түзету қажеттілігіне әкеліп соқтырды.

Төменде 16 ақпанға дейін қолданыста болатын және KASE индексінің мәніне ықпал ететін, акциялардың жаңа параметрлері келтірілген кесте берілген.

-------------------------------------------------------------------------
               2011 жылдың 16 ақпанына      2011 жылдың 16 ақпанына дейін
                     бастап енгізіледі                  қолданыста болған
        ------------- ----- ---------- ------------- ------- ------------
           Орналасты-       Орналасты-    Орналасты-    Free   Шектелімді
Акция          рылған           рылған        рылған   float        коэф-
коды         акциялар Акция   акциялар      акциялар (Fi), % фициент (Ri)
                 саны коды        саны          саны                     
------- ------------- ----- ---------- ------------- ------- ------------
CCBN      162 456 800  27,2  1,0000000   162 456 800    27,2    1,0000000
GB_ENRC 1 287 750 000  18,6  0,0639037 1 287 750 000    18,6    0,0580149
GB_KZMS   535 240 338  43,1  0,0443532   535 240 338    43,1    0,0412079
HSBK    1 304 171 681  20,6  0,3329198 1 304 171 681    20,6    0,3176449
KKGB      778 625 062   7,3  1,0000000   778 625 062     7,4    1,0000000
KZTK       10 881 924  22,2  0,7683686    10 881 924    22,2    0,7048092
RDGZ       70 110 303  38,5  0,0694700    70 110 303    38,5    0,0635740
-------------------------------------------------------------------------

Бұған қоса, Тіуекел комитетінің аталмыш шешімімен 2011 жылдың 16 ақпанынан бастап KASE Индексін есептеу барысында түзету коэффициентінің жаңа мәні (K) – 2,5991568 қолданылады. Аталған күнге дейін К 2,7486858 тең болды.

КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ

KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулылар акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады.

Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында толығырақ мекен- жай бойынша жарияланған.

Индекс беті толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Акция коды: KASE-де сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетеді. Эмитенттер кодтары: CCBN – "ЦентрКредит Банкі" АҚ; GB_KZMS – KAZAKHMYS PLC; GB_ENRC – EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC; HSBK – "Қазақстанның Ұлттық жинақ банкі; KKGB – "Казкоммерцбанк" АҚ; KZTK – "Қазақтелеком" АҚ; RDGZ –"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ.

Орналастырылған акциялар саны – листингілік компаниялар акционерлерінің тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты негізінде KASE қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның орналастырған акциялар саны ретінде дербес анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың KASE-дегі құжаттармен расталған санының мәнін ескереді.

Free float (Fi), % – эмитенттің жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі санына иеленген мемлекетке, эмитент менеджментіне және акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды инвесторлар, номиналды ұстаушылар және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын, параметр.

Шектелімді коэффициент (Ri) – әрбір акциялынң индекс мәніне ықпалын он бес пайызға дейін шектейтін, параметр.