"ЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІ" АҚ "БТА БАНК" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ЕНШІЛЕС ИПОТЕКАЛЫҚ ҰЙЫМЫ "БТА ИПОТЕКА" АҚ-НЫҢ (ҚАЗАҚСТАН) ИПОТКАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША КЕПІЛДІКТІҢ ЖАҒДАЙЫН ТЕКСЕРГЕНДІГІН ХАБАРЛАДЫ

18.02.11 12:08
/KASE, 18.02.11/ – "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ипотекалық ұйымы "БТА Ипотека" АҚ-ның (Алматы) Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған мынадай ипотекалық облигацияларын: - KZ2CKY10B257 (BTAIb2; 1 теңге; 1,5 млрд теңге; 21.10.04 – 21.10.14, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,00 %; 30/360); - KZPC1Y07B335 (BTAIb3; 1 теңге; 2,0 млрд теңге; 15.12.04 – 15.12.11, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,30 %; 30/360); - KZPC3Y10B333 (BTAIb5; 100 теңге; 4,0 млрд теңге; 11.05.05 – 11.05.15, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,30 %; 30/360); - KZPC2Y08B644 (BTAIb8, 100 теңге, 7,0 млрд теңге; 22.08.05 – 22.08.13; инфляция деңгейі бойынша индекстелген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 7,20 %; 30/360); - KZPC3Y10B648 (BTAIb9; 100 теңге, 4,0 млрд теңге; 21.02.06 – 21.02.16, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 6,80 %; 30/360); - KZPC1Y10C111 (BTAIb11; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 04.08.06 – 04.08.16, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 6,90 %; 30/360); - KZP05Y07C112 (BTAIb14; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 03.04.07 – 03.04.14, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 6,80 %; 30/360); - KZP07Y10C112 (BTAIb16; 100 теңге, 14,0 млрд теңге; 01.04.08 – 01.04.18, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,20 %; 30/360), ұстаушыларының өкілі болып табылатын "ЦентрКредит Банкі" АҚ (Алматы) "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ипотекалық ұйымы "БТА Ипотека" АҚ-ның аталмыш облигацияларды ұстаушылардың алдындағы міндеттерінің орындалуының қамсыздандырылуы болып табылатын кепілдік мүлігінің 2011 жылдың 01 қаңтарына кепілдіктің тізілімі мәліметтері бойынша ішінара тексерілгенін хабарлап, Биржаға ресми хат жолдады. Өткізілген тексеріс негізінде "ЦентрКредит Банкі" АҚ былай деп хабарлады. Қамтылу және ипотекалық облигациялардың қамтылу коэффициентінің мәні облигациялар шығарылымы аңдатпасының және кепілдіктің келісім-шарты талаптарына сәйкес келеді, алайда қамтылуда Эмитент алдындағы мерзімі өтіп кеткен қарыздар бар. Купондық сыйақыларды төлеу уақытылы және толық көлемде жүзеге асырылады. Ішінара тексерістің нәтижесінде, Өкіл Эмитетке қарыздар бойынша мәліметтерді есепке алу жүйесіне ақпаратты енгізуді, қарыз затының мониторингін бақылауды күшейтуге және ескертулерді жою бойынша қолданылған шаралары туралы хабарлауға кеңес берді. ҰСН KZ2C0Y07A861 эмиссиялары бойынша ипоткалық облигацияларды ұстаушылар Өкілінің және Төлем Агентінің қызметі туралы Келісім- шарттың, аталмыш эмиссия бойынша міндеттемердің Эмитентпен толық өтелуіне байланысты, 28.01.2011ж.тоқтатылғандығын қосымша хабарлады. Облигацияларды ұстаушылардың алдындағы Қоғам міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын, мүлік жағдайын талдауды жүргізу үшін қажетті, ұсынылған ақпараттың нақтылығына "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ипотекалық ұйымы "БТА Ипотека" АҚ-ның басшылығы жауап береді.