"ҚАЗАҚСТАН ҚАҒАЗЫ" АҚ KZ2C0Y05D117 (KKAGB4) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҰСТАУШЫЛАРЫ АЛДЫНДАҒЫ ҚАРЫЗДЫҢ ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАЛУЫ АЯҚТАЛҒАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

28.02.11 11:49
/KASE, 28.02.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан қағазы" АҚ 2011 жылдың 25 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп мәлімдеді. "Қазақстан қағазы" АҚ (бұдан ары "Топ" немесе "Қазақстан Қағазы") Қазақстанның көшбасшы өнеркәсіптік топтарының бірі болып табылады. Топтың холдингілік компаниясы Kazakhstan Kagazy plc Лондон Қор Биржасында листингіленеді. Топ Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі (ҚҚА) 2008 жылдың облигациялары (ҰСН KZ2C0Y05D117) екінші шығарылымының аңдатпаларына енгізілген өзгертулерді және толықтыруларды 2011 жылдың 25 ақпанында мақұлдауының арқасында облигациялық займдардың бірінің қайта құрылымдау процесінің аяқталуы жайлы хабарлайды. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар облигацияларды өтеу мерзімін 2028 жылға дейін ұзартылуын, купондық сыйақы атаулы мөлшерлемесінің және оны төлеу тәртібінің өзгеруін, сондай-ақ аңдатпаның шектелімдермен (ковенанттармен) толықтырылуын қарастырады. Топ қайта құрылымдауға рұқсаттарын берген, ҰСН KZ2C0Y05D117 облигацияларының ұстаушыларына көрсеткен сенімділіктері мен топтың қаржылық міндеттемелерін орындауға бағытталған топтың жұмысын жалғастыруға берген мүмкіндіктері үшін алғысын білдіреді. Сондай-ақ топ сыртқы кеңесшілер - Unicorn IFC және SPA компанияларын ҰСН KZ2C0Y05D117 облигациялары бойынша қарызды қайта құрылымдау аясында атқарылған жұмыс үшін алғысын білдіреді. Аталмыш баспасөз-хабарламасымен KASE веб-сайтында мына мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/KKAG/kkag_reliz_250211.pdf қазақ тілінде: - http://www.kase.kz/files/emitters/KKAG/kkag_reliz_250211_e.pdf – ағылшын тілінде.