"ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) 2010 ЖЫЛҒА ҚЫЗМЕТТЕРДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ХАБАРЛАДЫ

21.02.11 11:18
/KASE, 21.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) 2011 жылдың 17 ақпанында баспасөз-хабарламасын ұсынып, былай деп мәлімдеді. 17-18 ақпанда "Қазақтелеком" АҚ-да филиалдар, еншілес ұйымдар және шетел өкілдері басшыларының қатысуымен 2010 жылғы қызметтің қорытындылары бойынша дәстүрлі жыл сайынғы мәжіліс өтті. 2011.01.01 күніндегі жағдай бойынша Интернетке кең жолақты қосылысты пайдаланушылардың саны 1 756 838 адам, порттардың саны – 765 817 дананы құрады. 2010 жылдың қаңтарынан бастап iD – iD Net қолшатыр тәрізді бренділі Интернет желісіне жоғары жылдамдықты қосылыс қызметі енгізілді, ол «Қазақтелеком» АҚ-ның сыртқы ресурстарына 2 Мбит/с дейінгі және ішкі ресурстарына – 100 Мбит/с дейінгі жылдамдықпен бәсекеге қабілетті шешімді ұсыну мүмкіндігін береді, бұл ретте жылдамдықты шек 40 Гб құрайды. 2011 жылдың 1 қаңтарына iDNet қызметі Қазақстанның келесі қалаларында ұсынылады: Астана, Алматы, Тараз, Павлодар, Ақтөбе, Шымкент, Атырау, Қарағанды, Ақтау. 2010 жылы «Қазақтелеком» АҚ заңды тұлғалар үшін Интернетке қосылыс жылдамдығын екі есеге арттыру акциясын да өткізді, оның аясында бұл пайдаланушылар санаты жаңа талаптарға ауыстырылып қосылды. 2010 жылдың аяғына қарай iDTV қызметі бойынша абоненттік база 30 078 абонентті құрады, ол жылдың басына қарағанда 4,2 есеге көп. 2010 ж. маусымынан бастап iDTV қызметі арнайы тарифтік жоспары бойынша аудандық көлемді қалалар және аудандық орталықтан төмен елді мекендердің тұрғындарына ұсынылады. 2010 жылы ТМД және алыс шетел елдеріне халықаралық байланыс қызметінің тарифтерін 30%-дан 70%-ға дейін азайту ісшаралары өткізілді. Заңды тұлғалар үшін тарифтер 4,5 есеге азайтылды.