2011 ЖЫЛДЫҢ 04 АҚПАНЫНАН БАСТАП БИРЖАДА ББҚ АВТОМАТТЫ РЕПО НАРЫҒЫНДА ЖАҢА ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫМЕН САУДА-САТТЫҚТАР АШЫЛАДЫ

04.02.11 10:47
/KASE, 04.02.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2011 жылдың 04 ақпанынан бастап KASE мүшесінің өтініші негізінде биржада автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралдарының сауда-саттығы ашылады, репо операциясының заты ретінде "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) мынадай халықаралық облигациялар қолданылады: - XS0245586903 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, CCBNe3; $100,0 млн, мерзімсіз; айналыс 03.06.06 басталады, жартыжылдық купон, жылдық 9,125 %; 30/360) репо операцияларының 28 күн мерзімімен; - XS0267377454 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты; CCBNe5; 1 теңге, 25,0 млрд теңге, 20.09.06 – 30.09.11; жартыжылдық купон, жылдық 8,25 %; 30/360) репо операцияларының 1, 7, 14 және 28 күн мерзімімен; Репо операцияларына тиісінше R_CCBNe3_028, R_CCBNe5_001, R_CCBNe5_007, R_CCBNe5_014 және R_CCBNe5_028 кодтары берілген.