2011 ЖЫЛДЫҢ 04 АҚПАНЫНАН БАСТАП БИРЖАДА ББҚ АВТОМАТТЫ РЕПО НАРЫҒЫНДА ЖАҢА ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫМЕН САУДА-САТТЫҚТАР АШЫЛАДЫ
04.02.11 10:47
/KASE, 04.02.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен
2011 жылдың 04 ақпанынан бастап KASE мүшесінің өтініші негізінде
биржада автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралдарының сауда-саттығы
ашылады, репо операциясының заты ретінде "Банк ЦентрКредит" АҚ
(Алматы) мынадай халықаралық облигациялар қолданылады:
- XS0245586903 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық
бағалы қағаздар" санаты, CCBNe3; $100,0 млн, мерзімсіз; айналыс
03.06.06 басталады, жартыжылдық купон, жылдық 9,125 %; 30/360) репо
операцияларының 28 күн мерзімімен;
- XS0267377454 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық
бағалы қағаздар" санаты; CCBNe5; 1 теңге, 25,0 млрд теңге, 20.09.06 –
30.09.11; жартыжылдық купон, жылдық 8,25 %; 30/360) репо
операцияларының 1, 7, 14 және 28 күн мерзімімен;
Репо операцияларына тиісінше R_CCBNe3_028, R_CCBNe5_001,
R_CCBNe5_007, R_CCBNe5_014 және R_CCBNe5_028 кодтары берілген.