"Банк ЦентрКредит" АҚ (Қазақстан) XS0243010443 (CCBNe2) халықаралық облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

02.02.11 11:13
/KASE, 02.02.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2011 жылдың 02 ақпанынан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) XS0243010443 халықаралық облигациялары (CCBNe2; $300,0 млн; 02.02.06 – 02.02.11, жылдық 8,00 % жартыжылдық купон; 30/360) айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2010 жылдың 19 мамырынан бастап "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді. Олардың сауда-саттығы 2010 жылдың 26 мамырында ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде сатып алушы үшін олардың өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 7,00-ден 12,47 % аралығында құбылды. 2010 жылы аталмыш облигациялар биржадағы мемлекеттік емес бағалы қағаздарының саудалану рейтингінде жасалған мәмілелердің көлемі бойынша 115-ші жайғасымға (нарықтың тиісті айналымынан 0,08 %) және корпоративтік облигациялардың осыға ұқсас рейтингінде 95-ші жайғасымға иеленді (0,18 %).