"Банк ЦентрКредит" АҚ (Қазақстан) XS0243010443 (CCBNe2) халықаралық облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
02.02.11 11:13
/KASE, 02.02.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2011 жылдың 02
ақпанынан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) XS0243010443
халықаралық облигациялары (CCBNe2; $300,0 млн; 02.02.06 – 02.02.11,
жылдық 8,00 % жартыжылдық купон; 30/360) айналыста болу мерзімі
аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды.
Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2010 жылдың 19 мамырынан
бастап "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты
бойынша енгізілді. Олардың сауда-саттығы 2010 жылдың 26 мамырында
ашылған.
Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде сатып
алушы үшін олардың өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен
жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 7,00-ден 12,47 % аралығында
құбылды.
2010 жылы аталмыш облигациялар биржадағы мемлекеттік емес бағалы
қағаздарының саудалану рейтингінде жасалған мәмілелердің көлемі
бойынша 115-ші жайғасымға (нарықтың тиісті айналымынан 0,08 %)
және корпоративтік облигациялардың осыға ұқсас рейтингінде
95-ші жайғасымға иеленді (0,18 %).