KZ
16 шілде 2025, 06:00
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28.02.2011 10:23 #Эмитенттердің жаңалықтары

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ДАМУ БАНКІ "БЕЛГАЗПРОМБАНК" ААҚ-НА (БЕЛАРУСЬ) $20,0 МЛН АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ МАҚСАТТЫ ЖАҢҒЫРМАЛЫ КРЕДИТТІК ЖЕЛІНІ ҰСЫНҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

/KASE, 28.02.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) тізімінде тұрған Еуразиялық даму банкі 2011 жылдың 25 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп мәлімдеді.

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) және "Белгазпромбанк" ААҚ аталмыш беларустік банк клиенттерінің экспорттық-импорттық сауда келісім- шарттарын қаржыландыру үшін мақсатты жаңғырмалы кредиттік желіні ұсыну туралы келісімге қол қойды. Келісім мерзімі 24 ай, кредиттік желінің көлемі 20 млн АҚШ доллары.

Келісімге Басқарма Төрағасы – Инвестициялық қызмет жөніндегі басқарушы директор Марат Жаукенов және "Белгазпромбанк" ААҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Сергей Шабан Минск қаласында қол қойды.

Келісім-шартқа сәйкес, ұсынылған қаражаттың 60% Беларусияның басқа мемлекеттермен-Банк қатысушыларымен өзара сауда-саттығын кеңейтуді қаржыландыруға бағытталуы тиіс. Бұл ЕАДБ-нің Беларусияда жұмыс істейтін банктермен соңғы үш айда жасасқан үшінші мәмілесі: бұдан бұрын Еуразиялық даму банкі "БПС-Банк" ААҚ-мен Беларусь Республикасында шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру және сауда-саттық қаржыландыруды дамыту үшін жалпы сомасы 50 млн. АҚШ долларын құрайтын екі келісімге қол қойған болатын.

Еуразлық даму банкі сауда-саттық қаржыландыруды интеграцияның тиімді құралы және өзара сауда-саттықтың генераторы ретінде қарастырады. Экспорттық-импорттық операцияларды қаржыландыру Банк қатысушылары- мемлекеттер субъектілері арасында корпоративті және партнерлік байланыстарды дамытуға жағымды ықпал етеді, бұл өз кезегінде бірлескен кәсіпорындарды құрудың алғышарттарын жасайды.