KZ
1 шілде 2025, 02:10
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.01.2011 18:01 #KASE жаңалықтары

KASE 2011 ЖЫЛДЫҢ 01 АҚПАНЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУГЕ АРНАЛҒАН УӘКІЛЕТТІЛІК ТІЗІМІН АНЫҚТАДЫ

/KASE, 14.01.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE), "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес Тәуекел комитетінің 2011 жылдың 14 қаңтарындағы шешімімен, 2011 жылдың 01 ақпанынан бастап KASE Индексін есептеуге арналған уәкілеттілік тізімі анықталды.

Аталған шешімге сәйкес 2011 жылдың 01 ақпанынан бастап KASE Индексін есептеуге арналған уәкілеттілік тізім өзгеріссіз қалдырылды.

Сонымен, 2011 жылдың 01 ақпанынан бастап KASE Индексін есептегенде келесі акциялардың параметрлері қолданылатын болады:

----------------------------------------------------------------------------
# п/п Акция коды ҰСН немесе ISIN Эмитент                  Fi        Ri Үлесі
----- ---------- --------------- --------------------- ----- --------- -----
  1   CCBN        KZ1C36280010   "Банк ЦентрКредит" АҚ 192,1 1,0000000  13,0
  2   GB_ENRC     GB00B29BCK10   EURASIAN NATURAL      222,0 0,0541191  15,0
                                 RESOURCES                                  
                                 CORPORATION PLC                            
  3   GB_KZMS     GB00B0HZPV38   KAZAKHMYS PLC         222,0 0,0381868  15,0
  4   HSBK        KZ1C33870011   "Қазақстан Халық      222,0 0,3056443  15,0
                                 Жинақ Банкі"                               
  5   KKGB        KZ1C00400016   "Казкоммерцбанк" АҚ   177,8 1,0000000  12,0
  6   KZTK        KZ1C12280018   "Казахтелеком" АҚ     222,0 0,7141719  15,0
  7   RDGZ        KZ1C51460018   "ҚазМұнайГаз" Барлау  222,0 0,0652995  15,0
                                 Өндіру" АҚ                                 
----------------------------------------------------------------------------

КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ

ҰСН немесе ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.

Эмитент – акция эмитентінің қысқаша атауы.

Fi – 14.01.11 жылы KASE-де тіркелген, соңғы мәміле бағасының, 01.01.11 жылға еркін айналыстағы акциялар санының және, әрбір атаулы акциясының индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін, Ri коэфициентінің көбейтіндісі нәтижесінде алынған параметр. Млн. АҚШ долларында көрсетіледі. Тәуекел комитетінің шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 01.02.11 басында Fi мәні біршама басқа болады, өйткені акциялардың ағымдағы бағаларына сәйкес Ri коэффициенттері түзетілетін болады.

Ri – шектеу коэффициенті – есептесу тәртібі Әдістемеде берілген, 0,15 (15 %) дейін индекс мәніне әрбір акцияның әсер ету үлесін шектейтін параметр.

Үлес – KASE Индексін есептеуге арналған уәкілеттілік тізімде тұрған, барлық атаулылар акцияларының жалпы нарықтық құнындағы қандай да бір атаулы акциясының жалпы нарықтық бағасының үлесі.

Әдістеме мәтіні KASE веб-сайтында толығырақ мекен жайы бойынша жарияланған.