"Банк ЦентрКредит" АҚ (Қазақстан) сырттай дауыс беру арқылы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының өтетіндігін хабарлады
18.01.11 17:33
/KASE, 18.01.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы, бұдан әрі –
банк), сырттай дауыс беру арқылы банк акционерлерінің кезектен тыс
жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлап, ресми хат жолдады.
Аталмыш жиналыстың күн тәртібінде қарастырылатын жалғыз мәселе банктің
Директорлар кеңесі құрамының өзгеруі болып табылады.
Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2011 жылдың 01
қаңтарындағы жағдай бойынша құрастырылған.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдер, банк акционерлерінің
тізілімінде көрсетілген, мекен-жайлар бойынша тапсырыс хаттар арқылы
акционерлерге жіберіледі.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді ұсыну датасы – 2011
жылдың 04 науырызы. Акционердің бюллетеньдерді ұсыну датасы банктің
оны тіркеген күні болып табылады. Сырттай дауыс берудің дауыстарды
санау күні деп 2011 жылдың 07 науырызы анықталған.
Акционерлер барлық сұрақтар бойынша Алматы қ., Панфилов көш., 98,
403 бөлме мекен-жайына хабарласа алады.