"Банк ЦентрКредит" АҚ (Қазақстан) өзінің KZP12Y10B650 (CCBNb19) облигациялары бойынша 5-ші купонын төлеуі туралы хабарлады
13.01.11 16:42
/KASE, 13.01.11/ – "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 13
қаңтарында өзінің KZP12Y10B650 облигациялары бойынша (KASE ресми
тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар"
санатының бірінші санатшасы, CCBNb19; 100 теңге, 6,0 млрд теңге,
27.06.08 – 27.06.18; жарты жылдық купон жылдық 11,00 %, 30/360)
бесінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына
(KASE) хабарлап, ресми хат жолдады
Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 330 000 000,00
теңгені құрады.
KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына
сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы
қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың
растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар
эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған
хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды.
Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың
растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа
шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.