Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін KASE-ге ұсынды
/KASE, 24.01.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Компанияның тіркеушісі "Қор орталығы" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған (KZ1C49280015 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 388 974 019 дана;
- компанияның 385 571 721 акциясы орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) болып табылады.