"Альянс Банк" ақ (қазақстан) 2010 жылғы қызметінің нәтижелерін хабарлады

24.01.11 16:15
/KASE, 24.01.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Альянс Банк" АҚ (Алматы) Биржаға 2011 жылдың 20 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы «Альянс Банкі» АҚ (ары қарай – Банк) мемлекеттік органдарға тапсырылатын есептеменің (аудиттелмеген, шоғырландырылмаған) 2011 жылғы 1 қаңтарындағы жағдайына сәйкес, банктің таза пайдасы 318 826 млн. теңгені, ал меншікті капиталы 33 840 млн. теңгені құрғанын хабарлайды. Бұл көрсеткіштерге 2010 жылы 26 наурызда Банктің қарызын қайта құрылымдау процесінің табысты аяқталуы нәтижесінде қол жеткізілді. Ол «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен және тікелей қатысуымен өткізілді. Қарыздарды қайта құрылымдау жоспарының барлық іс-шараларын іске асыру арқылы Альянс Банкі, жалпы алғанда, 547,9 млрд. теңгеге қосымша капиталданды. Оның ішінде «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры «Альянс Банкі» АҚ 129 млрд. теңгеге қосымша капиталдады. Бұл қос жолмен іске асырылды: 24 млрд. теңгеге Банктің жаңадан шығарылған жай акциялары сатып алынды және 105 млрд. теңге сомасына Банктің облигациялары бойынша талап ету құқығы артықшылықты акцияларға аударылды. Қайта құрылымдау нәтижесінде қарыз мөлшері 4,5 млрд. АҚШ долларынан (есептелген пайыздарды қоса алғанда) 1 млрд. 80 млн. АҚШ долларына дейін қысқарды. Қайта құрылымдау жоспарының барлық іс-шаралары атқарылғаннан кейін акционерлер құрамы өзгерді: жай және артықшылықты акциялардың 67% «Самұрық-Қазына» меншігінде қалып, ал 33% кредиторлар арасында бөлінді. 2010 жыл ішінде Банк қызметі толыққанды қалпына келтірілді: өз қаржысынан шағын және орта бизнес (10 ақпаннан) пен жеке тұлғаларды (17 мамырдан) несиелеу қайта басталды, жеке және заңды тұлғалардан депозиттеі қабылдануда (1 сәуірден) және өз заемшыларына – ШОБ субъектілері мен жеке тұлғаларға – көмек көрсету (заемдарды қайта құрылымдау) бағдарламалары іске асырылды. 2010 жыл қорытындылары бойынша Банк активтері 489 442 млн. теңге болса, міндеттемелері 455 602 млн. теңге құрады (оның ішінде Банк өзінің жақсы атағына ілігуі арқылы депозиттік қоржын жыл басынан 42%-дан аса өсіп және 207 887 млн. теңге болды). Банктің несиелік портфелі 544 998 млн. теңгеге жетті. Несие портфелінің ең үлкен өсімі ШОБ саласында байқалды: жыл ішінде Банк 170-тен астам кәсіпорынды 39,7 млрд. теңгеге қаржыландырды, оның ішінде ШОБ қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары аясында 11,5 млрд. теңгеге несиелер берілді. Корпоративті несиелеу секторында Банк сауда, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі және басқа да кәсіпорындарды 30,6 млрд. теңгеге, оның ішінде 2,1 млрд. теңгесі мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырды. Банктің жеке тұлғаларға жаңа әмбебап өнімдерді ұсына бастауы, нақтырақ айтқанда, тұтынушылық мақсаттарға қайта несиелей бастау арқылы сомасы 22 млрд. теңгені құрайтын 33 мыңнан астам несие берілді. Оның 336,7 млн. теңгесі 1186 заемға мемлекеттік бағдарламалар аясында (студенттерді жеңілдікпен несиелеу және «Ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру» бағдарламасының қаражатын қайталама игеру) берілді. Директорлар Кеңесі Банктің даму стратегиясына қабылдаған түзетулерге сәйкес, 2011 жылы және одан әрі Банктің несиелік портфелінде бөлшек несиелер үлесі артатын болады – 2011 жылдың соңына қарай бұлар 45%-ға, ал 2013 жыл соңында 50%-дан асады. Жалпы, 2011 жылы бөлшек несиелер портфелінің өсімі 40 млрд. теңгеге дейін болып немесе 18% құрайды деп күтілсе, ШОБ секторындағы заемдар портфелінің өсімі – 14,3 млрд. теңгеге немесе 15%, сондай-ақ корпоративті заемдар портфелі 9,3 млрд. теңгеге немесе 4%-ға қысқарады. Банк портфеліндегі мәселелі қарыздар үлесін 55%-ға дейін қысқарту жоспарлануда, бүгінде оның үлесі айтарлықтай болып отыр (2010 жылдың соңында несиелік портфелдің 71%). Ал несиелік портфелдің көлемі 8%-ға өсіп, 590 081 млн. теңгеге дейін жетпек. Несиелер бойынша провизиялардың көлемі 5%-ға қысқарады – 2010 жыл соңындағы 318 911 млн. теңгеден 303 460 млн. теңгеге дейін. Жоспарға сәйкес, 2011 жыл соңында Банк активтері 581 111 млн. теңгені құрайды (19%-дық өсім). Ал міндеттемелер заңды және жеке тұлғалардан депозиттерді тарту есебінен 12%-ға, 512 460 млн. теңгеге дейін өспек. Жалпы алғанда, 2011 жыл қорытындысында Банк 36 067 млн. теңге мөлшерінде таза пайда алады және меншікті капиталын 103%-ға, 68 651 млн. теңгеге дейін ұлғайтады деп күтілуде. цитата соңы