Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"темірбанк" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін KASE-ге ұсынды
/KASE, 20.01.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Темірбанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Банктің тіркеушісі "ДАР орталығы" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған KZ1C00260014 жай акцияларының жалпы саны 20 000 000 000 дана, KZ1P00260110 артықшылықты акциялар саны – 5 000 000 дана;
- банктің барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- банк өзінің 96 620 артықшылықты акциясын қайта сатып алды;
- банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Самрұқ- Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) болып табылады, оның иелігінде банктің 15 980 933 000 жай акциясы (банктің орнылыстырылған акцияларының жалпы санынан 79,88 % немесе орналастырылған банктің жай акцияларының 79,90 %) бар.
"Орталық бағалы қағаздар депозийтарийі" АҚ (Алматы) мәліметтеріне сәйкес аталған күні банктің 3 914 043 163 жай акциясының меншік иелері туралы ақпарат ашылмаған.