"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ1P12280114 (KZTKp) артықшылықты акциялары бойынша 2010 жылға дивидендтер төлеуі туралы хабарлады

05.01.11 14:44
/KASE, 05.01.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Алматы) биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады. "Қазақтелеком" АҚ Басқармасының 2010 жылдың 26 қарашасындағы шешімін орындау мақсатында 2010 жылдың 23 – 24 желтоқсаны аралығында 2010 жылға Қоғам өзінің артықшылықты акцияларына дивидендтер төлеуді жүзеге асырды. Дивидендтер алуға құқылы акционерлер тізімі 2010 жылдың 13 желтоқсанындағы жағдай бойынша құрастырылған.