"ҚазаҚтелеком" АҚ (қазақстан) 2011 жылдың 01 ақпанынан бастап әмбебап телекоммуникациялар қызметтеріне арналған тарифтердің өзгеруі туралы хабарлады

19.01.11 12:55
/KASE, 19.01.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана) келесі мазмұндағы баспасөз-хабарламасын Биржаға бүгін ұсынды: цитата басы ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпарат комитетінің 2011 жылғы 14 қаңтардағы № 3 «Әмбебап телекоммуникация қызметтерінің тарифтерін бекіту туралы» бұйрығын (одан әрі - Бұйрық) орындау үшін, 2011 жылдың 1-ші ақпанынан бастап әмбебап телекоммуникация қызметтерінің жаңа тарифтері енгізіледі. Бұйрық әмбебап телекоммуникация қызметтерінің тарифтерін кезекті қайта теңгерімдеу кезеңін өткізу шеңберінде шығарылды. Бұйрыққа сәйкес, 2011 жылдың 1-ші ақпанынан бастап келесі өзгерістер қарастырылады: 1. Интернет желісіне кем дегенде 256 Кбит/с қосылу жылдамдығымен ұжымдық қосылу қызметінің тарифі 52,38%-ға - әрбір толық/толық емес қосылу минуты үшін 4,20 теңгеден (ҚҚС есебінсіз) 2 теңгеге дейін (ҚҚС есебінсіз) төмендейді. 2.Жергілікті телефон қосылысы қызметтерінің мерзімдік төлем жүйесіне ауыстырылған/ауыстырылмаған бір негізгі/қосарланған телефонға ай сайынғы абоненттік төлем артады: қалалық және ауылдық жерде тұрып жатқан жеке тұлғалар – абоненттері үшін 20%-ға. Сонымен, мысалға, жергілікті телефон қосылысы қызметтерінің меррзімдік төлем жүйесіне ауыстырылмаған бір негізгі телефонға ай сайынғы абоненттік төлем қалада - 520,00 теңгеден (ҚҚС есебінсіз) 624,00 теңгеге дейін (ҚҚС есебінсіз), ауылда – 345,25 теңгеден (ҚҚС есебінсіз) 414,30 теңгеге дейін (ҚҚС есебінсіз) артады; жеке тәжірибемен айналысатын нотариустар, адвокаттар және жеке кәсіпкерлер – абоненттері үшін 15,81%-ға. Сонымен, мысалға, жергілікті телефон қосылысы қызметтерінің мерзімдік төлем жүйесіне ауыстырылмаған бір негізгі телефонға ай сайынғы абоненттік төлем 644,7 теңгеден (ҚҚС есебінсіз) 746,61 теңгеге дейін (ҚҚС есебінсіз) артады. Бұл ретте, қолданыстағы деңгейде келесі әмбебап телекоммуникация қызметінің тарифтері сақталады: - заңды тұлғалар – абоненттері үшін ай сайынғы абоненттік төлем; - барлық пайдаланушылар тобы үшін қалааралық (ішкі аймақтық) телефон қосылысы - барлық пайдаланушылар тобы үшін телефон қосылысы қызметтерінің мерзімдік төлем жүйесімен жергілікті қосылу. «Қазақтелеком» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі цитата соңы