CAPITAL MARKET MEDIA LAB: KASE Астанада журналистерге арналған оқыту тренингін өткізеді

Қазақстан қор биржасы (KASE) БАҚ өкілдерін Қазақстан журналистері үшін қаржылық сауаттылық бойынша 2026 жылғы 22 маусымда сағат 09:30-да өткізілетін тәжірибелік семинарға қатысуға шақырады
Іс-шараның мақсаты - БАҚ өкілдерінің қор нарығы, инвестициялық құралдар және макроэкономикалық үдерістер жөніндегі түсінігін арттыруға көмектесіп, қаржы тақырыбындағы материалдардың бұрынғыдан да мазмұнды, дәл әрі кәсіби болуына ықпал ету.
Семинар барысында келесі тақырыптар қарастырылады:
- қор нарығы қалай жұмыс істейді және Биржаның экономикадағы рөлі қандай;
- жеке инвесторларға қолжетімді инвестициялық құралдар;
- инвестициялау кезінде табыстылық пен тәуекел арақатынасын бағалау тәсілдері және басқа да өзекті мәселелер.
Семинар - KASE-нің бағалы қағаздар нарығы бойынша журналистерге арналған білім беру іс-шаралары сериясының жалғасы. Қатысушылар кәсіби қызметте қолдануға болатын тәжірибелік білім мен құралдар алып, қаржылық тақырыптарды сапалы деңгейде ашып көрсету жөніндегі құзыреттерін кеңейту мүмкіндігіне ие болады.
🗓️ 2026 жылғы 22 маусым 09:30-да
📍 Форматы: оффлайн.
Өтетін орны: Астана қаласы, Қорғалжын, 8, Maqsut Narikbayev University (М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗМЗУ).
Іс-шараға экономика және қаржы саласындағы кәсіби құзыреттерін дамытуға мүдделі журналистер шақырылады.
Аккредитациядан өту үшін өтінім жолдау арналары: телефон: +7 701 121 00 87, электрондық пошта: pr@kase.kz.
Біздің аңдатпаларымызды қарап, KASE-нің білім беру жөніндегі іс-шараларына қатысыңыздар.
Басқа іс-шаралар















