KZ
RU
EN
15 шілде 2026, 21:29
KZ
RU
EN
Кіру

Білім, дерек, нарық: KASE-нің БАҚ-қа арналған білім беру бастамасы

#Оқыту
17 маусым 2026

KASE алаңында журналистер үшін қаржылық сауаттылықты арттыруға және  нарықтық аналитикамен жұмыс істеудің қыр-сырын түсіндіруге бағытталған тәжірибелік семинар өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – журналистерге қор нарығының жұмыс істеу ерекшеліктерін тереңірек түсінуге және биржалық аналитикамен тиімді жұмыс істеуге көмектесу.

Қатысушылар алдында KASE мен реттеуші органның сарапшылары сөз сөйледі:

  • Темірлан Тайлықбаев (KASE Академиясының Team Lead маманы) отандық қор нарығының құрылымы, биржалық сауда-саттықтың, клиринг пен есеп айырысудың негізгі қағидаттары туралы жан-жақты баяндады;
  • Жансая Қарабаева (KASE Chief Product Officer) нарықтық деректермен жұмыс істеудің тәжірибелік тәсілдерін бөлісіп, индекстер мен баға белгіленімдерін талдаудан бастап оларды материалдарда дұрыс түсіндіруге дейінгі маңызды мәселелерді түсіндірді;
  • Ғаділбек Әкім (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржылық сауаттылықты арттыру басқармасының бас маманы) қаржылық ағарту саласындағы мемлекеттік бастамалар, цифрлық білім беру платформаларын дамыту және халықпен өзара байланыс орнатудың жаңа форматтары туралы айтып берді.

Кездесу соңында қатысушылар қаржы тақырыбындағы жарияланымдарда жиі кездесетін қателіктерді талдап, нақты кейстерді қарастырды.

Мұндай кездесулер журналистерге капитал нарығындағы оқиғаларды сапалы әрі кәсіби деңгейде жария ету үшін тәжірибеде қолдануға болатын білім мен құралдар алуға мүмкіндік береді.

Белсенді қатысып, кәсіби қызығушылық танытқан БАҚ өкілдеріне алғыс айтамыз!

KASE Қазақстандағы қаржылық журналистиканы дамытуға және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған білім беру іс-шараларын өткізуді жалғастырады.

Басқа іс-шаралар

Сауда-саттық көлемінің өсуі, жаңа эмитенттер және цифрлық активтер: KASE мен KACC қызметінің бірінші жартыжылдықтағы қорытындысы14 шілде 2026#Баспасөз конференциялары мен брифингтер
Жапонияда өткен ASEAN+3 форумында KASE облигациялар нарығын дамыту мәселелерін талқылады08 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE Қытайдың институционалдық инвесторларына Қазақстанның капитал нарығын таныстырды07 шілде 2026#Ынтымақтастық
Қазақстан қор биржасы қалай жұмыс істейді: KIMEP University студенттеріне арналған KASE академиясының дәрісі07 шілде 2026#Оқыту
Лизинг портфелі 2,3 млрд теңгеге жетті: KASE алаңында Garanti Leasing қатысуымен Эмитенті күні өтті03 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE капитал нарығын дамыту жөніндегі негізгі бастамаларды талқылауға қатысты01 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
Эмитент - Capital Leasing Group күні: активтер көлемі 34 млрд KZT-ге жетті01 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ-тан алғыс хаттар алды01 шілде 2026#Рәсімдер