KZ
RU
EN
13 шілде 2026, 00:11
KZ
RU
EN
Кіру

CAPITAL MARKET MEDIA LAB: KASE Қарағандыда журналистерге арналған оқыту тренингін өткізеді

#Оқыту
24 маусым 2026

Қазақстан қор биржасы (KASE) Қарағанды БАҚ өкілдерін Қазақстан журналистері үшін қаржылық сауаттылық бойынша 2026 жылғы 24 маусымда сағат 09:30-да өткізілетін тәжірибелік семинарға қатысуға шақырады.

💡 Іс-шараның мақсаты - БАҚ өкілдерінің қор нарығы, инвестициялық құралдар және макроэкономикалық үдерістер жөніндегі түсінігін арттыруға көмектесіп, қаржы тақырыбындағы материалдардың бұрынғыдан да мазмұнды, дәл әрі кәсіби болуына ықпал ету.

Семинар барысында келесі тақырыптар қарастырылады:
✔️ қор нарығы қалай жұмыс істейді және Биржаның экономикадағы рөлі қандай;
✔️ жеке инвесторларға қолжетімді инвестициялық құралдар;
✔️ инвестициялау кезінде табыстылық пен тәуекел арақатынасын бағалау тәсілдері және басқа да өзекті мәселелер.

Семинар - KASE-нің бағалы қағаздар нарығы бойынша журналистерге арналған білім беру іс-шаралары сериясының жалғасы. Қатысушылар кәсіби қызметте қолдануға болатын тәжірибелік білім мен құралдар алып, қаржылық тақырыптарды сапалы деңгейде ашып көрсету жөніндегі құзыреттерін кеңейту мүмкіндігіне ие болады.

🗓️ 2026 жылғы 24 маусым 09:30-да
📍 Форматы: оффлайн.
Өтетін орны: Қарағанды қ., Академиялық көшесі, 9, Қарағанды Қазтұтынуодағы университеті.

Іс-шараға экономика және қаржы саласындағы кәсіби құзыреттерін дамытуға мүдделі журналистер шақырылады.

Аккредитациядан өту үшін өтінім жолдау  арналары:
📞 Телефон: +7 701 121 00 87
✉️ Электрондық пошта: pr@kase.kz

🚀 Біздің аңдатпаларымызды қарап, KASE-нің білім беру жөніндегі іс-шараларына қатысыңыздар.

Басқа іс-шаралар

Жапонияда өткен ASEAN+3 форумында KASE облигациялар нарығын дамыту мәселелерін талқылады08 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
Қазақстан қор биржасы қалай жұмыс істейді: KIMEP University студенттеріне арналған KASE академиясының дәрісі07 шілде 2026#Оқыту
KASE Қытайдың институционалдық инвесторларына Қазақстанның капитал нарығын таныстырды07 шілде 2026#Ынтымақтастық
Лизинг портфелі 2,3 млрд теңгеге жетті: KASE алаңында Garanti Leasing қатысуымен Эмитенті күні өтті03 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ-тан алғыс хаттар алды01 шілде 2026#Рәсімдер
KASE капитал нарығын дамыту жөніндегі негізгі бастамаларды талқылауға қатысты01 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
Эмитент - Capital Leasing Group күні: активтер көлемі 34 млрд KZT-ге жетті01 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
Тұрақты даму облигациялары нарығын дамыту: KASE мен CAIER меморандумға қол қойды29 маусым 2026#Конференциялар мен форумдар