KZ
12 наурыз 2026, 15:46
KZ
Кіру
Медиа орталық/
Іс-шаралар
Іс-шаралар тізіміне оралу

Эмитент күні “ҚазТрансОйл”

17 наурызда сағат 11:00-де магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор – “ҚазТрансОйл” АҚ компаниясының қатысуымен “Эмитент күніне” шақырамыз.

Онлайн-кездесу барысында компания басшылығы 2025 жылғы өндірістік және қаржылық нәтижелеріне шолу жасап, компанияның негізгі көрсеткіштері туралы айтып береді.

Іс-шара инвесторлар мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары үшін қызықты болады.

📍 Формат: онлайн (Zoom).

Спикерлер:
Әміржан Оспанов, “ҚазТрансОйл” АҚ Басқарма мүшесі, бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;
Алмас Оңғарсынов, “ҚазТрансОйл” АҚ Басқарма мүшесі, корпоративтік басқару жөніндегі басқарушы директор.

Модератор:
Айнагүл Ысқақова, KASE Басқарма төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ іс-шараға компанияның басшылары мен мамандары қатысады.

🔗 Тіркелу сілтемесі:

https://us06web.zoom.us/meeting/register/ZMMkHUABTAOXy3tGOcLs_Q

Компания нәтижелері туралы алғашқы дереккөзден біліп, қызықтырған сұрақтарыңызды қоюдың тамаша мүмкіндігі.