KZ
8 ақпан 2026, 03:39
Қазақша
Медиа орталық/
Іс-шаралар
Іс-шаралар тізіміне оралу

KASE MOST МҚҰ қатысуымен "Эмитент күнін" өткізеді

2026 жылғы 13 ақпанда KASE алаңында офлайн форматта MOST МҚҰ компаниясының қатысуымен “Эмитент күні” өтеді.

Кездесу барысында компанияның негізгі қызмет бағыттары мен басты артықшылықтары таныстырылады. Сонымен қатар қаржыландыру тартудың әрі бизнестің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің тиімді құралы ретінде капитал нарығына шығу тәжірибесі және KASE-де облигация шығару жан-жақты талқыланады.

Іс-шараның бағдарламасы:

  • MOST МҚҰ компаниясының таныстырылымы;
  • KASE-де облигация шығару және оның артықшылықтары;
  • ашық диалог, сұрақ-жауап және нетворкинг.

Іс-шараның спикері — MOST МҚҰ бас директоры Мират Ахметсадыков. Модераторы — KASE Басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Искакова. Қаржылық кеңесші және андеррайтер — “Alatau City Invest” АҚ

Өтетін орны: Алматы қ., Байзақов көшесі, 280, “Almaty Towers” БО (Солтүстік мұнара), Press Room, 1-қабат

Қатысу үшін тіркелу сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSd7jOzmRAi6bD_07r1RjmMKuFZ0CsrFJ8-a78elNzLwyeeS2g/viewform