Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің МБҚ бойынша бастапқы дилерлер

Бастапқы дилерлер институты – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) нарығының жетекші қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау жүйесі. Осы жүйе аясында іріктелген банктер бастапқы аукциондарға қатысу және қайталама нарықта баға белгілеуді қолдау жөнінен өздеріне кеңейтілген міндеттеме қабылдайды.
Бастапқы дилерлер МБҚ нарығындағы негізгі маркет-мейкерлердің рөлін атқарады: олар Қаржы министрлігінің аукциондарында тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді және белгіленген бағалы қағаздар тізбесі бойынша тұрақты негізде екіжақты баға белгілеуді ұсынады.
Бастапқы дилерлер институты 2026 жылғы мамырда іске қосылды.
Бастапқы дилерлер

ЦентрКредит Банкі
Байланыс деректеріАдлет Усенов
Adlet.Ussenov@bcc.kz+7 708 852 43 31

Еуразия банкі
Байланыс деректеріМаксат Утемисов
Maksat.utemisov@eubank.kz+7 701 411 14 14
Шыңғыс Мәлімбай
Shyngys.malimbay@eubank.kz+7 701 777 4079

ForteBank
Байланыс деректеріФерзанэ Қыдырбек
Treasury@fortebank.com+7 701 737 35 55
Аян Шаймухамбетов
Treasury@fortebank.com+7 717 258 75 75 (ішкі нөм. 11481)

Halyk Bank
Байланыс деректеріЯкуб Бейсембетов
Yakubbe@halykbank.kz+7 777 261 61 27
Гаухар Сабитова
Gauhars2@halykbank.kz+7 702 596 10 10

Kaspi Bank
Байланыс деректеріДаир Достанов
Treasury@kaspi.kz+7 702 227 26 47
Өркен Молдалиев
Treasury@kaspi.kz+7 701 719 29 15
Бастапқы дилерлер жүйесінің негізгі мақсаттары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының отандық және шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығын арттыру
Мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру тиімділігін арттыру
Мемлекеттік бағалы қағаздардың өтімді қайталама нарығын дамыту
Нарықтық баға белгілеу сапасын арттыру
Инвесторлар шеңберін кеңейту
Бастапқы дилерлердің міндеттемесі
Бастапқы нарықта
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша өткізілетін аукциондардың кемінде 75 %-ына қатысу
Әрбір екі айлық есепті кезең ішінде жарияланған орналастыру көлемінің кемінде 60 %-ын сатып алу
Қайталама нарықта
Міндетті баға белгілеу тізбесіне енгізілген мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша екіжақты баға белгілеуді қолдау
KASE және Bloomberg E-Bond сауда-саттық алаңдарында баға белгілеуді ұсыну
Әрбір сауда-саттық күні ішінде кемінде бес сағат бойы баға белгілеудің болуын қамтамасыз ету
Сатып алу және сату бойынша баға белгілеудің ең төменгі көлемін 500 млн теңге мөлшерінде қолдау
Қайталама нарықтағы ең төменгі сауда-саттық белсенділігі бойынша талаптарды орындау