KASE-дегі цифрлық активтер және цифрлық қаржылық активтер
Биржа базасында цифрлық активтер нарығының жұмыс істеуі жүйелік тәуекелдерді шектеу мақсатында оқшауланған режімде жүзеге асырылады.
Сандық қаржылық активтер және қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер дегеніміз не?
KASE платформасында инвестиция жасай отырып, сіз екі түрлі құралға қол жеткізесіз:
Цифрлық қаржылық активтер (ЦҚА)
Базалық активке қатысты ақшалай және (немесе) өзге де талап ету құқығын куәландыратын цифрлық актив немесе оператордың цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралы. ЦҚА бойынша құқықты растау Орталық депозитарийдің (БҚОД) тізілім жүйесіндегі жазбалар негізінде жүзеге асырылады, олар сөзсіз басымдыққа ие.
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер
Цифрлық қаржылық актив болып табылмайтын, құны тек нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты айқындалатын және материалдық мүлікпен қамтамасыз етілмеген цифрлық актив. Платформада айналысқа тек KASE бекіткен тізімге енгізілген активтер жіберіледі.
Платформаның технологиялық инфрақұрылымы сақтау ұйымы ретінде BitGo ұйымын жұмылдыра отырып, жіктеп бөлінген деректер платформасы технологияларын пайдаланады. Инфрақұрылым есеп айырысудың аяқталуын мәміле жасалған күні (atomic settlement) қамтамасыз етеді, бұл ретте мәміле тараптарының міндеттемелерін бір мезгілде орындау қағидатына (DvP) негізделеді.
Базалық актив түрі бойынша цифрлық қаржылық активтердің санаттары
Стейблкоиндер
Базалық активі ұлттық немесе шетел валютасы (ақша) болып табылатын ЦҚА.
Токенизацияланған активтер
Базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде бағалы қағаздар), мүліктік құқықтар, тауарлар немесе ақшадан басқа өзге мүлік болып табылатын ЦҚА.
Цифрлық қаржы құралдары (нативті шығарылымдар)
Бастапқыда оператордың цифрлық платформасында тікелей электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары.







