Нақты уақыт тәртіптемесіндегі нарықтық деректер Биржаның қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуға қабылдаған өтінімдерінің бағасы мен көлемі туралы, қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің бағасы мен көлемі туралы ақпаратты қоса алғанда, Биржа өткізетін қаржы құралдармен сауда-саттық барысы туралы ақпаратты қамтиды.
Нарықтың өзекті деректеріне жедел қол жеткізуді қамтамасыз ететін FIX/FAST әмбебап деректер хаттамасын пайдалана отырып, сауда-сттық инфрақұрылымымен тікелей қосылу.
Нақты уақыттағы деректер трейдерлердің, алгоритмдік трейдерлердің, инвестициялық кеңесшілердің, қор менеджерлерінің, деректер жеткізушілерінің және басқа нарық қатысушыларының қажеттіліктерін қанағаттандырады.
KASE сізге сауда-саттық алаңынан жедел нарықтық деректерге тікелей қол жеткізуді ұсынады және оңай өңделетін деректердің жылдамдығы мен ыңғайлылығын қамтамасыз етеді
Ең үздік сатып алу және сату бағалары
Деректерді жедел жаңарту
Сауда-саттық жүйесіне сүйемелдеу және тікелей қосылу
Сіз нақты уақыт тәртіптемесінде сауда-саттық ақпаратын бізден тікелей немесе біздің вендорлар: Bloomberg, Refinitiv, Citigroup арқылы ала аласыз.