KZ
RU
EN
28 қараша 2026, 19:19
KZ
RU
EN
Кіру
27.11.2026 16:00 #Қаржы құралдары

KASE 2026 ЖЫЛДЫҢ ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНА ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

/KASE, 27.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-ге айналысқа жіберілгендер қатарынан 2026 жылдың желтоқсан айына инвестициялық қорлардың акцияларының, депозитарлық қолхаттарының және бағалы қағаздардың бірінші, екінші және үшінші өтімділік кластарының тізімдерін (бұдан әрі – бағалы қағаздардың тізімдері) қалыптастырды.

Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2026 жылдың 23 қарашасындағы шешімімен бекітілді және ондағы бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды.

2026 жылдың 01-31 желтоқсансы аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші класты бағалы қағаздар тізіміне 97 атаудағы бағалы қағаздар енгізілген. 2026 жылдың қазан айына құрылған өтімділіктің бірінші класты бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар кірді:

1) Johnson & Johnson US4781601046 ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ) жай акциялары;

2) JPMorgan Chase & Co. US46625H1005 ("KASE Global" секторы, JPM_KZ);

3) Newmont Corp. US6516391066 ("KASE Global" секторы, NEM_KZ); жай акциялары

4) базалық активі "Эйр Астана" АҚ KZ1C00004050 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, AIRA) жай акциялары болып табыладтын, US0090632078, US0090631088 ("туынды бағалы қағаздар" секторы, AIRAd) жаһандық депозитарлық қолхаттар;

5) "Halyk Finance"АҚ басқаруымндағы "Баланс (50/50)" ИИПҚ KZPF00000520 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, HFINhs) пайлары;

6) "Halyk Finance"АҚ басқаруымндағы "Жаһандық акциялар" ИИПҚ KZPF00000546 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, HFINhp) пайлары.

2026 жылдың қараша айына құрылған өтімділіктің бірінші класс тізімінен шығарылды:

1) Caterpillar US1491231015 ("KASE Global" секторы, CAT_KZ) жай акциялары;

2) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Еурооблигациялар қоры"ИИПҚ KZPF00000025 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECfe) пайлары;

3) ConocoPhillips US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) жай акциялары;

4) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Қазынашылық" АИПҚ KZPF00000280 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECtf).

2026 жылдың желтоқсан айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

2026 жылдың қараша айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-11-27]