26 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CGP05 (US197_2802) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 26.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 26 қарашасынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен жасалатын сауда-саттық режимдеріндегі репо операциялары бойынша, есеп айырысу күні 2027 жылдың 26 ақпанына және одан кейінгі күндерге келетін, АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CGP05 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US197_2802) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Аталған облигациялармен KASE-дегі сауда-саттық 2027 жылдың 01 наурызынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE ішкі құжаты "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелерінің" 13-тарауы 77-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де аталған облигациялар бойынша купондық сыйақыны төлеу үшін тізілімді бекіту туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2026-11-26]