30 қарашадан бастап екі атаудағы облигациялар Т+ Тізімі мен Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі
/KACC, 25.11.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер комитетінің шешімімен 2026 жылдың 30 қарашасынан бастап орталық контрагентпен ішінара қамтамасыз ету шарттарымен мәмілелер жасауға рұқсат етілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен жасалатын мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде есепке алынатын қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) мынадай облигациялар енгізіледі:
1) KZ2C00010346 (KASE "Негізгі" алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZb36) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ – Т+ тізімі және Т+ қамтамасыз ету тізімі;
2) KZ2C00015956 (KASE "Негізгі" алаңы, "облигациялар" санаты, KZIKb43) "Қазақстандық Тұрғын үй Компаниясы" АҚ – Т+ тізімі және Т+ қамтамасыз ету тізімі.
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі KACC интернет-ресурсында толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған
[2026-11-25]