KZ
RU
EN
26 қараша 2026, 05:01
KZ
RU
EN
Кіру
25.11.2026 17:06 #Қаржы құралдары

26 қарашадан бастап KASE-де "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ KZ2C00020923 (IDFRb16) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

/KASE, 25.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 26 қарашасынан бастап "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ KZ2C00020923 (KASE "Негізгі" алаңы, "облигациялар" санаты, IDFRb16; 1 000 KZT, 50,0 млрд KZT; 18.11.26 – 18.11.31; жартыжылдық купон, жылдық 15,85 %; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.

Аталған облигацияларды KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін белгіленді, баға белгілеу валютасы – KZT.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланды

[2026-11-25]