KZ
RU
EN
26 қараша 2026, 05:01
KZ
RU
EN
Кіру
25.11.2026 16:39 #Қаржы құралдары

26 қарашадан бастап "МҚҰ ОнлайнКазФинанс" АҚ KZ2C00021020 (MFOKb38) және KZ2C00021046 (MFOKb39) облигациялары "таза" бағалармен сауда-саттық режиміне ауыстырылады

/KASE, 25.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 26 қарашасынан бастап "ОнлайнКазФинанс" МҚҰ АҚ келесі облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режиміне ауыстырылатынын хабарлайды:

1) KZ2C00021020 (KASE "Негізгі" алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFOKb38; 1 000 KZT, 5,0 млрд KZT; 20.11.26 – 20.05.27; ай сайынғы купон; жылдық 23,00 %, 30/360);

2) KZ2C00021046 (KASE "Негізгі" алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFOKb39; 1 000 KZT, 10,0 млрд KZT; 20.11.26 – 20.11.27; ай сайынғы купон; жылдық 24,00 %, 30/360).

Аталған облигацияларды KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін белгіленді, баға белгілеу валютасы – KZT.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланды

[2026-11-25]