26 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында US78392B2060 (SKHYd) американдық депозитарлық қолхаттарымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 25.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 26 қарашасынан бастап базалық активі SK hynix Inc. компаниясының жай акциялары болып табылатын, орталық контрагенттің қатысуымен жасалатын сауда-саттық режімдеріндегі репо операциялары бойынша, есеп айырысу күні 2026 жылдың 30 қарашасына және одан кейінгі күндерге келетін, US78392B2060 ("KASE Global" секторы, SKHYd) америкалық депозитарлық қолхаттарымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
Аталған депозитарлық қолхаттармен KASE-дегі сауда-саттық 2026 жылдың 02 желтоқсанынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE ішкі құжаты "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелерінің" 13-тарауы 77-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де аталған депозитарлық қолхаттар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді бекіту туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2026-11-25]