KZ
RU
EN
25 қараша 2026, 02:27
KZ
RU
EN
Кіру
24.11.2026 17:21 #Қаржы құралдары

24 қарашадан бастап "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ облигацияларының үш шығарылымы негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 24.11.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 24 қарашасында "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ (Астана) келесі облигацияларын негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:

1) KZ2C00021129 (BTRKb36; 1 000 KZT, 100,0 млрд KZT; 16 ай; купон айналыс мерзімінің соңында 1 рет төленеді, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; actual/365);

2) KZ2C00021137 (BTRKb37; 1 000 KZT, 100,0 млрд KZT; 15 ай; купон айналыс мерзімінің соңында 1 рет төленеді, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; actual/365);

3) KZ2C00021145 (BTRKb38; 1 000 KZT, 100,0 млрд KZT; 14 ай; купон айналыс мерзімінің соңында 1 рет төленеді, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; actual/365).

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 24 қарашасынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары 2025 жылдың 25 сәуірінде 2,0 трлн KZT сомасында тіркелген "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ-ның 10-шы облигациялық бағдарламасы шеңберінде 19-шы, 20-шы және 21-ші болып табылады.

"Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі "Alatau City Invest" АҚ болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-11-24]